Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-069

Arthrospira platensis ZTS-2024

Cyanobacteria › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Microcoleaceae › Arthrospira

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Балқаш көлі
  • Тіршілік ету ортасы: тұзды су экожүйесі
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Салауат Д., Тоқтыбай А.К., Салауат Д., Болатхан К., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға түскен жылы: 2025
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылдан тығыз минералды ортасына микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың күйі: Аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Жасушалары жіптәрізді (талшықты) ұйымдасу типіне жатады. Трихомдары көпжасушалы, спираль тәрізді бұралған, тармақталмайды және жеке жіпшелер түрінде кездеседі. Жасушалары цилиндр пішінді, көкшіл-жасыл түсті. Трихомның ені әдетте 5–10 мкм, ал ұзындығы спиральдың бұралу дәрежесі мен өсіру жағдайына байланысты бірнеше жүздеген микрометрге жетуі мүмкін. Жеке жасуша өлшемдері бойынша орташа өлшемді микроорганизмдер тобына (2–20 мкм) жатады. Колония түзбейді; вегетативті жасушалары трихом құрамында орналасады. Гетероцисталар мен акинеттер жоқ.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Заррук ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 28–30 °C
  • Жарық қарқындылығы: 50–200 мкмоль фотондар/м²/с
  • Жарық режимі: тәулік бойы жарықтандыру
  • pH: 8,0–9,0.

Физиологиялық ерекшеліктері

Алкалофил, галофил.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Агарланған Заррук ортасында 12–14 °C температурада және әлсіз жарықтандыру жағдайында 4–6 мкмоль фотондар/м²/с сақталады. Қайта егусіз сақтаудың ең ұзақ мерзімі — 2–3 ай.

Қолданылу аясы

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, биоремедиация және альгоцианобактериялық биоқабықшалар қалыптастыру үшін перспективалы.

Библиография

  1. Тоқтыбай А.К., Салауат Д., Болатхан К., Сандыбаева С.К., Ахметова Г.А., Құрметхан Ә.Қ., Санатов С.С., Hrouzek P., Заядан Б.К. Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлора құрамын зерттеу және фототрофты микроорганизмдердің аксеникалық дақылдарын бөліп алу // Eurasian Journal of Ecology. – 2026. – Т. 86, № 1. – Б. 80–97. – DOI: 10.26577/EJE86120267.
  2. Салауат Д., Сейдалиева Н.М., Асқар С. Микробалдырлар биомассасын алудың биотехнологиялық негіздері және оны қолдану перспективалары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті MATERIALS International Scientific Conference of Students and Young Scientists «FARABI ALEMI» Almaty, Kazakhstan, April 3-5, 2025.
  3. Bolatkhan K., Salauat D., Shalgimbayeva S.M., Akmukhanova N.R., Zayadan B.K., Askar A., Gökoğlu M. Enrichment of Artemia nauplius with Cyanobacterium Arthrospira platensis ZTS-2024 for Feeding Young Russian Sturgeon (Acipenser gueldenstaedtii Brandt, 1833) // ES Food & Agroforestry. – 2026. – DOI: 10.30919/faf1987.