Synechococcus sp.
Cyanobacteria › Cyanophyceae › Synechococcales › Synechococcaceae › Synechococcus

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөлініп алынған орны: Ақтау қаласы, мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, М-13 нүктесі (өндірістік қондырғылардың кіреберісінде).
- Тіршілік ету ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Даулетова А.А. и Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға енгізілген жылы: 2024.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
жасушалары дара орналасқан, пішіні дұрыс ұзынша-сопақша, эллипс тәрізді немесе таяқша тәрізді, ұштары анық дөңгеленген, қанық изумруд-жасыл түсті. Жасуша қабырғасы тегіс, жұқа, тікенектері мен ұзын инелері болмайды; жасушалар көзге әрең байқалатын экзополисахаридті шырыштың өте жұқа қабатымен қоршалған. Көбеюі тек бір жазықтықта жүретін жасушаның көлденең бинарлы бөлінуі арқылы жүзеге асады. Планктонның өлшемдік жіктемесіне (Дюссар шкаласы) сәйкес, жасушалардың орташа морфометриялық көрсеткіштері (ұзындығы 1,5–3,5 мкм, ені 1,0–2,0 мкм) бойынша штамм нанопланктонға (өлшемі 2–20 мкм аралығындағы микроорганизмдер тобы) жатады және пикопланктон фракциясының шекарасында орналасады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 24–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 60–120 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
- pH-ы: 7,5–8,2
Физиологиялық ерекшеліктері
Галотолерантты.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
ұзақ мерзімді сақтау үшін BG-11 қоректік ортасында (сұйық немесе 1,5% агарланған) 12–15 °C температурада, әлсіз жарықтандыру жағдайында (5–10 мкмоль фотон/м²/с) және 12:12 сағаттық жарық/қараңғылық режимінде сақталады. Оңтайлы сақтау тәсілі ретінде дақылды сөрелерде сақтап, әр 3 ай сайын қайта себу ұсынылады. Сондай-ақ 4–8 °C температурадағы тоңазытқышта сақтау да рұқсат етіледі, бірақ толық қараңғылыққа жол берілмеуі тиіс.
Генетикалық ақпарат
GenBank accession № PZ747266
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


