Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-031

Nostoc calcicola K-1

Cyanophyta › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Nostoc

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Алматы облысы.
  • Тіршілік ету ортасы: топырақ
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Садвакасова А.К., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
  • Коллекцияға түскен жылы: 2014
  • Бөліп алу әдісі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

цианобактерия; тығыз өрілген трихомалары, домалақ не созылған пішінді колониялар түзеді. Трихомалардың диаметрі 2,5–5,0 мкм, түсі көкшіл-жасыл, тар түссіз қабықшалармен қоршалған. Гетероцисталар (дифференцияланған жасушалар) домалақ, диаметрі шамамен 4–6 мкм. Колониялардың мөлшері 20–200 мкм аралығында өзгереді.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орта: Громова №6 ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 26–28 °C
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 50–150 мкмоль фотондар/м²/с
  • Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 6,5–7,0

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофил, автотроф, азотфиксатор.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Сұйық және 1,5–2,0% агарланған Громова №6 минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

2015 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: A-RKM 0678

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады. Өнімділік бойынша ескерту: құрғақ биомасса мөлшері 2,0–2,5 г/л жетеді. Оның құрамы: ақуыздар – 25–30 %, көмірсулар – 48–56 %.