Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200
Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Chroococcales › Geminocystaceae › Cyanobacterium

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Оқшаулау орны: Балқаш көлі
- Тіршілік ету ортасы: жартылай тұзды су экожүйесі
- Бөліп алған: Сарсекеева Ф.К., Заядан Б.К.
- Коллекцияға түскен жылы: 2014
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгіден алынған жинақтауыш дақылдан микробиологиялық біртіндеп себу әдісімен бөліп алынды
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Жасушалары қозғалмайтын, жеке немесе бөлінгеннен кейін жұп болып орналасқан, кілегей қабықшасыз, сопақшадан таяқша тәріздіге дейін, ұштары домаланған, түзу немесе сәл иілген; жасушалардың орташа ұзындығы 4,5–7,5 мкм, ені 2,0–4,5 мкм. Жасуша құрамы центро- және хроматоплазмаға бөлінбеген. Бөлінуі бинарлы, жасушаның ұзын осіне перпендикуляр жазықтықта жүреді, нәтижесінде екі бірдей еншілес жасуша түзіледі. Көлденең кесінділерде тилакоидтар радиалды, бойлық кесінділерде жасуша бойымен орналасқан; қосындылардан карбоксисомалар мен электрондық тығыздығы төмен қосындылар байқалады; S-қабаты мен қынаптары жоқ. Штамм жасушаларға бекімеген едәуір мөлшерде кілегей бөледі. Агарланған ортадағы колониялары көк-жасыл, жылтыр, дөңгелек, тегіс, жиегі біркелкі.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: Заррук ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 26–34 °C; 24–34 °C кең диапазонында жақсы өседі
- Жарықтандыру қарқындылығы: 50–150 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: тәулік бойы жарықтандыру
- Ортаның pH: 7,5–9,0
Физиологиялық ерекшеліктері
алкалофил, мезофил, жарықсүйгіш, автотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Заррука минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, жарық режимі 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
IPPAS B-1200 нөмірімен басқа әлемдік коллекцияда – РҒА К.А. Тимирязев атындағы Өсімдіктер физиологиясы институтының микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясында (Ресей) сақталады.
Генетикалық ақпарат
GenBank базасындағы нуклеотидтік тізбектер: KM502966 (16S рРНҚ генінің тізбегі), ASM174700v1 (геномның жобалық нұсқасы).
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында биоотын алу үшін қолданылады.
Библиография
- Starikov A.Y., Usserbaeva A., Sinetova M.A., Sarsekeyeva F.K., Zayadan B.K., Ustinova V., Kupriyanova E.V., Los D.A., Mironov K.S. (2016) Draft genome sequence of Cyanobacterium sp. strain IPPAS B-1200 with unique fatty acid composition. Genome Announc. 4(6):e01306-16. doi: 10.1128/genomeA.01306-16
- Sarsekeyeva F.K., Usserbaeva A.A., Zayadan B.K., Mironov K.S., Sidorov R.A., Kozlova A. Yu., Kupriyanova E.V., Sinetova M.A., Los D.A. (2014) Isolation and characterization of a new cyanobacterial strain with a unique fatty acid composition. Advances in Microbiology 4: 1033-1043. doi: 10.4236/aim.2014.415114
- Стариков А.Ю., Усербаева А.А., Миронов К.С., Сидоров Р.А., Заядан Б.К., Бедбенов В.С., Синетова М.А., Лось Д.А. (2018) Субстратная специфичность ацил-липидной Δ9-десатуразы жирных кислот из цианобактерии Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 с необычным жирнокислотным составом. Физиология растений 65(4): 270-278. doi: 10.7868/S0015330318040036.
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
- Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 штаммы биоотын өндіруге арналған шикізат ретінде (Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне Патент № 1750; өтінім № 2015/0255.2, 11.08.2015; жарияланды: 30.09.2016, бюл. № 12). Авторлары: Сарсекеева, Ф. К., Заядан, Б. К., Лось, Д. А., Садвакасова, А. К., Усербаева, А. А., & Болатхан, К. (2016).


