Chlamydomonas reinhardtii CC-124
Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Chlamydomonadaceae › Chlamydomonas

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: АҚШ
- Оқшаулау орны: Хламидомонас орталығы (Chlamydomonas Resource Center), Дьюк университеті ұсынған
- Соңғы анықтама: Заядан Б.К., Акмуханова Н.Р. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында, 2024 ж.
- Коллекцияға түскен жылы: 2001
- Бөліп алу тәсілі: коллекциялық штамм
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Пішіні дөңгелек немесе жалпақ сопақша келген, орташа диаметрі 8–22 мкм болатын бір жасушалы ағза; жасуша цитоплазмалық мембранамен қапталған, оның сыртқы жағында жіңішке әрі айқын көрінетін жасуша қабырғасы орналасқан, ал оның өзі жұқа шырышты қабат түріндегі қорғаныш капсуламен қоршалған. Жасушада протопласттың басым бөлігін алып жатқан, түйіршікті және орталық немесе бүйір бөлігінде пиреноид аймағы бар, тостағанша пішінді бір ірі хлоропласт болады. Қозғалмалы фазада жасушалар екі изоморфты алдыңғы талшықтардың көмегімен жүзіп, көз дағының (стигманың) арқасында бағытталған фототаксисті жүзеге асырады.
Өсіру жағдайлары
- қоректік орта: TAP ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 24–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотондар/м²/с
- Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,0–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, автотроф. Биомасса өндірудің оңтайлы өсіру жағдайларында, 7–8-ші күні құрғақ биомассаның 1,0–2,0 г/л мөлшеріндегі заттардың құрамы мынадай болады: ақуыздар – 38–45%, көмірсулар – 40–45%.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0% агарланған TAP минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: A-RKM 0130
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.
Библиография
- Шорабаев, Е. Ж., Саданов, А. Қ., & Заядан, Б. К. (2001). Бірклеткалы жасыл балдыр Chlamydomonas reinhardtii табиғи түрлері мен Chlorella мутант штамдарына мыс иондарының әсерін зерттеудің нәтижелері. Поиск, (1), 100–104.
- Zayadan, B. K., Sadvakasova, A. K., Saleh, M. M., & Gaballah, M. M. (2014). Generation and characterization of pigment mutants of Chlamydomonas reinhardtii CC-124. African Journal of Biotechnology, 13(2), 274–279. https://doi.org/10.5897/AJB2013.13002
- Sadvakasova, A. K., Akmukhanova, N. R., Matorin, D. N., Protopopov, F. F., Alekseev, A. A., & Zayadan, B. K. (2016). Pigment mutants of the green microalga Chlamydomonas reinhardtii: Morphological properties and photosynthetic performance. Russian Journal of Plant Physiology, 63(4), 443–450. https://doi.org/10.1134/S1021443716040130


