Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде Қазақ-Жапон-Қытай AlgaBioTech халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылуы өтті

2024 жылдың 20 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті базасында Қазақ-Жапон-Қытай AlgaBioTech халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы өтті. Бұл Орталық ғылыми прогреске, халықаралық ынтымақтастыққа және тұрақты дамуға деген ұмтылысымыздың жарқын мысалы болып табылады.
Осы орталықтың құрылуы Жапония мен Қытайдағы серіктестеріміздің қолдауының, сондай-ақ ғалымдарымыздың ерекше ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Біз бұл орталықтың қазіргі заманның маңызды – климаттың өзгеруімен және қоршаған ортаның ластануймен күресуден бастап, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында тұрақты биотехнологиилық шешімдерді әзірлеуге дейінгі мәселелерді шешу алаңына айналатынына сенімдіміз.


