Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

Тоқтыбай Ақнұр Кентайқызы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Түйіндеме

Еңбек өтілі

2025 – қазіргі уақытқа дейін Гистология кафедрасының ассистенті
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
2022 – қазіргі уақытқа дейін Кіші ғылыми қызметкер
Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2021-2022 Физиология пәнінің оқытушысы, Анатомия және физиология курстары кафедрасы
Қазақстан-Ресей медициналық университеті, Алматы қ.
2020 – 2021 Биология пәнінің оқытушысы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі
2017 - 2019

Биофизика және биомедицина кафедрасының жетекші маманы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі

Білімі

2022-2025 8D05101 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны аяқтады.
2019-2021 7М05103 – «Биофизика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
2013 – 2017 5В060700 – «Ғылыми биология» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавр дәрежесін алды.

Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар

2022

Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар:

  • «Морфологиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті (72 сағат).

Адам және жануарлар физиологиясы институты, ҚР БҒМ ҒК
21.02.2021 – 05.03.2021
Тағылымдама тақырыбы: «Физиологиялық және гистологиялық техника (лимфа жүйесінің физиологиясы бойынша базалық зертхана)».

  • Халықаралық тағылымдама
    Йылдыз техникалық университеті, Стамбул, Түркия
    01.07.2024 – 14.08.2024

Ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысу (гранттық қаржыландыру)

  • АР23485416 – «Микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясының биобанкін құру және олардың қолданбалы зерттеулерде пайдалануға арналған биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» жобасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты. Жоба жетекшісі: Б. К. Заядан. Алматы, 2024–2026 жж.

  • АР14870171 – «Фототрофты микроорганизмдердің биологиялық белсенді заттары негізінде жаңа отандық биопрепараттар жасау» жобасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты. Жоба жетекшісі: Б. К. Заядан. Алматы, 2022–2024 жж.

  • 2020 ж. – Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында I орын (ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломы).

  • 2021 ж. – «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында III орын.

  • 2022 ж. – «Биология және биотехнологияның заманауи мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу.

  • 2024–2025 жж. – «Диабетке қарсы қасиеттері бар спирулинамен байытылған нан-тоқаш өнімдері» тақырыбындағы жобалар мен көрмелерге қатысу.

Жарияланым белсенділігі

20 ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы, оның ішінде 1 пайдалы модельге патент бар. h-index = 1.