Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

Ахметова Гүлнәз Асқарқызы

Техника ғылымдарының магистрі

Түйіндеме

Жұмыс тәжірибесі

2022 – қазіргі уақытқа дейін 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы.
2024 – қазіргі уақытқа дейін

Кіші ғылыми қызметкер, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

2024–2026

ҚазҰУ Хабаршысы, Экология сериясы (Eurasian Journal of Ecology) журналының техникалық редакторы.

2021–2022

Зертхана меңгерушісі, Биологиядағы физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

2018–2019

Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

2017–2018

Биофизика және биомедицина кафедрасының ассистенті, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

2016–2021 Биологиядағы физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасының маманы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
2013–2014 «Таза су» ЖШС зертханасының кіші ғылыми қызметкері, Алматы қ.

Білімі

2022–2025 Докторантура (PhD), 8D05105 – Биотехнология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2014–2016 Магистратура, 6М070100 – Биотехнология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2010–2014 Бакалавриат, 5В060800 – Экология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар

2024 Ресей ғылым академиясының Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтында (РҒА ЖГИ) тағылымдама, Мәскеу қ.

Жобаларға қатысу және жобаларға жетекшілік ету (гранттық қаржыландыру)

  • АР32521343 «Микробалдырлар мен бактерияларды пайдалана отырып, ластанған су экожүйелерін кешенді бағалау әдістерін әзірлеу» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – Г.А. Ахметова. – Алматы, 2026–2028.

  • АР23485836 «Потенциальды биоотын өндіруге альго – цианобактериялық консорциумы негізінде мұнай өнімдерімен ластанған ағынды суларды биоремедиациялау технологиясын әзірлеу»» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – К. Болатхан. – Алматы, 2024–2026.

  • АР23485416 «Қолданбалы зерттеулерде пайдалану үшін микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясының биобанкін құру және олардың биотехнологиялық потенциалын зерттеу» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – Б.К. Заядан. – Алматы, 2024–2026.

Жарияланымдық белсенділік

14 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 8 ғылыми мақала және 6 тезис бар. Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектері бар, соның ішінде Scopus деректер базасында индекстелетін Q1 квартильді журналда жарияланған мақала бар. Ғылыми жарияланымдарының негізгі бағыттары: микробалдырлар мен цианобактериялар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биомониторинг және ластанған су экожүйелерінің биоремедиациясы. h-index = 1.