Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті

Кирбаева Дарига Кенжебаевна

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Түйіндеме

Жұмыс тәжірибесі

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті
2011 - 2025 Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы
2008–2011 Микробиология кафедрасының оқытушысы
2007–2008 Микробиология кафедрасының ассистенті
2003-2007 Микробиология кафедрасының маманы
2000-2001 Биология факультеті деканатының әдіскері
1992-2000 Микробиология кафедрасының лаборанты

Білім

2009 03.00.23 – биотехнология мамандығы бойынша " Биотехнологияға маңызды цианобактерия Spіrulіna platensіs-тің өнімді штамдарын сұрыптап алу, өсіру және қолдану" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2025 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің доценті ғылыми атағын алды.

Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының орындаушысы

- AP05131743 «Фототрофты микроорганизмдерді пайдалана отырып, ластанған су экожүйелерінің жай-күйін биомониторингтеу және болжау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» (2018–2020 жж.).

- AP08052402 «Азот сіңіруші цианобактериялар негізінде биотыңайтқыштар алу технологиясын әзірлеу» (2020–2022 жж.).

- AP09260077 «Сұйық отын – биобутанол өндіру үшін отандық микробалдырлар коллекциясының биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» (2021–2023 жж.).

Жарияланымдық белсенділігі

70-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 оқулық пен 1 монографияның, өнертабыс пен пайдалы модельдерге арналған 15 патенттің авторы. Ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштері: 11 ғылыми жарияланым, 69 дәйексөз, h-index = 4.