Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Биотехнология кафедрасы меңгерушісінің м.а., қауымдастырылған профессор

Сарсекеева Фариза Құдайбергенқызы

Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)

Түйіндеме

Жұмыс тәжірибесі

2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
2019 – 2025 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының аға оқытушысы
2016 – 2019 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Технология және биоресурстар факультетінің аға оқытушысы
2012 – 2016 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері
2005 – 2012 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің микробиология кафедрасының маманы

Білімі

2001 – 2005 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология факультеті. Мамандығы – биология, біліктілігі – биология бакалавры.
2006 – 2008 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология факультеті. Мамандығы – биотехнология, біліктілігі – техника және технология магистрі.
2012 – 2015 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті. Мамандығы – биотехнология, біліктілігі – философия докторы (PhD).

Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар

2013 Ресей ғылым академиясының К. Тимирязев атындағы өсімдіктер физиологиясы институтында (Мәскеу, РФ) «Жасушаішілік реттеу» зертханасында тағылымдамадан өтті
2014 Шыңжаң университеті (Үрімжі, ҚХР), микроорганизмдер биотехнологиясы зертханасы

Жоба жетекшісі (гранттық қаржыландыру)

  • AP13068051 «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыру үшін микробалдырлар мен цианобактериялар штамдары негізінде биопрепараттар алу технологиясын әзірлеу» / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ – Алматы – 2022–2024 жж.

  • AP26101745 «Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыш және өсімдік биостимуляторларын алу үшін цианобактериялар штамдарын қолдану» / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жетекшісі Б. Қ. Заядан. – Алматы – 2025–2027 жж.

Жарияланымдық белсенділік

60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 оқу құралы және 1 монография, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 3 патент. Жарияланымдары Scopus және Web of Science базаларында индекстелген: 10 жарияланым, 228 дәйексөз, h-индексі = 6.