Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Биотехнология кафедрасының ғылыми қызметкері және аға оқытушысы

Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызы

Философия докторы (PhD)

Түйіндеме

Еңбек тәжірибесі

2020 - Қазіргі уақытқа дейін – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультеті Биотехнология кафедрасының ғылыми қызметкері және аға оқытушысы.

2018–2020 – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, коммерциялық дирекцияның бас маманы.

2017–2018 – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, бас маманы.

2014–2016 – М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия, биология пәнінің мұғалімі.

Білімі

2025 – 8D05105 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін маңызды пигменттерді өндіргіш цианобактериялардың потенциалды штамдарын бөліп алу және скрининг жүргізу» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.

2020–2023 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8D05105 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура.

2014–2016 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Биотехнология» магистратурасы.

2010–2014 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Биотехнология» бакалавриаты (үздік диплом).

Біліктілікті арттыру және ғылыми тағылымдамалар

2015 — Heinrich Heine University Düsseldorf, Department of Bioengineering, Germany (10–25 June).

2022 — Institute of Microbiology, Czech Academy of Sciences, Třeboň/Prague (25 May–25 August).

2024 — COMSTECH training: Vaccine Development and Production, PT Biofarma; Pharmacogenomics and Antigen Design, Padjadjaran University, Indonesia (July).

2024 — Tokyo Science University, Japan (8–17 November).

2025 — Universiti Sains Malaysia, School of Industrial Technology (3–20 June).

2025–2026 — Bolashak research internship, The Ohio State University, USA (one year).

Ғылыми және кәсіби қызметі

«Жас ғалым» жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі (2024–2026); фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызмет.

ORCID: 0000-0002-4340-8749; Scopus Author ID: 57560350900; Web of Science ResearcherID: AGO-0562-2022.

Ғылыми бағыттары

Микробалдырлар мен цианобактериялардың биоалуантүрлілігі, пигменттері және биоактивті метаболиттері; фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы, биосутек, биожанармай, биостимуляторлар және иммуномодуляциялық белсенділік.

Ғылыми жоба (гранттық қаржыландыру)

2024–2026 | AP22685516 | «Фототрофты микроорганизмдердің пигменттерін алу және олардың иммуномодуляциялық қасиеттері мен бактерияға қарсы белсенділігін зерттеу» — «Жас ғалым» жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі.

Халықаралық ғылыми байланыстар

The Ohio State University (АҚШ), Чехия Ғылым академиясының Микробиология институты, Universiti Sains Malaysia, Tokyo Science University және Индонезиядағы ғылыми ұйымдармен тағылымдамалар мен ғылыми байланыстар.

Жарияланым белсенділігі

20-дан астам ғылыми еңбек, оның ішінде 4 патент және халықаралық журналдардағы 11 мақала (ұсынылған ғылыми анықтама бойынша). Scopus: h-index – 4; 108 дәйексөз (анықтамада көрсетілген кезең).

Таңдаулы ғылыми жарияланымдар

Sandybayeva, S.K. et al. Prospects of cyanobacterial pigment production: Biotechnological potential and optimization strategies. Biochemical Engineering Journal 187 (2022), 108640. https://doi.org/10.1016/j.bej.2022.108640

Sandybayeva, S.K. et al. Isolation, Identification and Pigment Analysis of Novel Cyanobacterial Strains from Thermal Springs. Plants 13 (2024), 2951. https://doi.org/10.3390/plants13212951

Kakimova, A.B. et al. Fatty Acids Profile of Novel Cyanobacterial Strains Isolated from Extreme Ecosystems as A Biodiesel Feedstock. ES Energy & Environment 27 (2025), 1394. https://doi.org/10.30919/esee1394

Sandybayeva, S.K. et al. Cyanobacterial Biofactories Beyond Model Strains: Exploratory Screening of Immunomodulatory Activity in Phormidium ambiguum Extracts. Plants 15 (2026), 33. https://doi.org/10.3390/plants15010033

Sandybayeva, S.K. et al. Engineering strategies to enhance microalgal pigment production: from stress physiology to industrial application. Functional Plant Biology 53 (2026), FP26058. https://doi.org/10.1071/FP26058