Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті

Болатхан Кенжегүл

PhD, доцент

Түйіндеме

Жұмыс тәжірибесі

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті
2019- 2022 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының м.а. доценті
2018–2021 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының Постдокторанты.
2018–2021 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, ШЖҚ-дағы МКК «Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» жетекші ғылыми қызметкер
2004-2005 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Микробиология кафедрасының маманы.

Білім

2013 – 2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан)

  • Ғылыми дәрежесі: «6D070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD).

  • Бұйрық/Диплом: Дәреже ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілді (2018 жылғы 7 наурыздағы № 419 Бұйрық).

  • Диссертация тақырыбы: "Биологиялық белсенді заттарды продуценттеуші цианобактериялардың жаңа штамдарын бөліп алу және зерттеу".

2006 – 2009

Йылдыз техникалық университеті / Yıldız Teknik Üniversitesi (Стамбул, Түркия)

  • Факультет: Азаматтық құрылыс факультеті (İnşaat Fakültesi)

  • Мамандық: Инженер-эколог

  • Академиялық дәрежесі: Магистр

2005 – 2006 Ankara Üniversitesi TÖMER (Бурса қ. филиалы, Түркия) бағыты: Түрік тілін шетел тілі ретінде оқыту курсы (B2/C1 деңгейі).
2006 – 2009

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті.

  • Мамандық: «Экология және табиғатты пайдалану», бакалавр

Біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту курстары

2024 – 2025 жж. | Ғылыми стажер / Шақырылған зерттеуші Малазия Ғылым Университеті (Universiti Sains Malaysia - USM) (Пинанг, Малайзия)- ). Міндеттері мен жетістіктері: Альго-цианобактериялық консорциум көмегімен мұнаймен ластанған ағынды суларды тазарту және биоотын алу технологиясын әзірлеу;

Мұнаймен ластанған су өнімдерінен тазарту процесін оңтайландырып, жиналған биомассаның үшінші буын биоотынына (биодизель) жарамдылығын бағалау.

2012 ж. | Стажер-зерттеуші Памуккале университеті / Pamukkale Üniversitesi (Денизли қ., Түркия). Міндеттері мен жетістіктері: Экологиялық биотехнология саласында бірлескен зерттеулер жүргізу. Микроорганизмдерді бөліп алу және культивациялау әдістері бойынша тәжірибе алмасу. Заманауи зертханалық жабдықтарда жұмыс жасау, биотехнологиялық скринингтер жүргізу.

2005 – 2006 жж. | Тілдік тағылымдамадан өтуші
Анкара университеті TÖMER (Бурса қ. филиалы, Түркия). Түрік тілінің қарқынды курсы.

2021 -2026

Зерттеу саласындағы тағылымдамалар

  • Памуккале университеті / Pamukkale Üniversitesi (Денизли қ., Түркия).-2012

  • ALGATECH орталығы, Чехия Ғылым академиясының Микробиология институты (Тршебонь қ., Чехия).-2014,2015,2021

  • Мугла Сыткы Кочман университеті (Muğla Sıtkı Koçman Üniversitesi) (Мугла, Түркия).-2022

  • Йылдыз техникалық университеті (Yıldız Technical University) (Стамбул, Түркия)-2023

  • Огайо штатының университеті (The Ohio State University) (Колумбус, Огайо, АҚШ)-2026

Жоба жетекшісі (гранттық қаржыландыру)

  • AP23485836 «Потенциальды биоотын өндіруге альго – цианобактериялық консорциумы негізінде мұнай өнімдерімен ластанған ағынды суларды биоремедиациялау технологиясын әзірлеу» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, жоба жетекшісі -2024–2026 жж.

  • AP09260785 «Биоотын өндірісі үшін цианобактериялардың перспективті штаммдары негізінде биосутек алу технологиясын өңдеу»/ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; жоба жетекшісі -2021–2023жж.

  • AP08052481 «Микробалдырлардың белсеңді штамдарының негізінде биодизель алу технологиясын өңдеу»/ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; жоба жетекшісі-2020–2022жж.

Жарияланымдық белсенділігі

65-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, өнертабыс пен пайдалы модельдерге арналған 10 патенттің авторы. Ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштері: 20 ғылыми жарияланым, 873 дәйексөз, h-index = 15.