Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-073

Spirulina maxima ZS-2026

Cyanobacteria › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Microcoleaceae › Arthrospira

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Оқшаулау орны: Балқаш көлі.
  • Тіршілік ортасы: тұзды.
  • Бөліп алған: Заядан Б.Қ., Санатов С.С. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында.
  • Коллекцияға қабылданған жылы: 2026.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: Аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Трихомалар бозғылт көк-жасыл, геометриялық тұрақты спираль құрайды. Биомассаны өсіру кезінде трихомалар тән лас қара-жасыл кластерлерді құрайды.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Заррук ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 27–30 °C
  • Жарық қарқындылығы: 50–150 мкмоль фотондар/м²/с
  • Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 8,0–10,0.

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофил, автотроф.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Заррук ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Қолданылу аясы

Іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.