Phormidium sp.
Cyanobacteria › Cyanophyceae › Phormidiales › Phormidiaceae › Phormidium

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөлініп алынған орны: Ақтау қаласы, мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, M-13 нүктесі (өндірістік қондырғылардан шығатын ағынның кіреберісінде).
- Тіршілік ету ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.Қ., Даулетова А.А. и Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға енгізілген жылы: 2024
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Дақылдың жағдайы: аксенді (таза дақыл).
Морфологиясы мен құрылымы
Көк-жасыл түсті, бір қатарлы, түзу немесе сәл иілген, тармақталмайтын жіпшелерді (трихомдарды) түзеді. Вегетативті жасушалары диск тәрізді немесе кең цилиндр пішінді, олардың ені ұзындығынан едәуір үлкен. Жіпшелері жұқа, нәзік шырышты қапшықпен (қынаппен) қапталған, ал маманданған жасушалар (гетероцисталар мен акинеттер) мүлдем болмайды. Планктонның өлшемдік жіктемесіне сәйкес, жеке жасушалары нанопланктонға (2–20 мкм) жатады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 20–24 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 40–80 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
- pH-ы: 7,5–8,2
Физиологиялық ерекшеліктері
алкалитолерантты нейтрофил
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
BG-11 ортасында (сұйық немесе 1,0–1,5% агарланған) 12–15 °C температурада, әлсіз жарықта (5–10 мкмоль фотон/м²/с) және 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық фотопериодында сақталады. Мамандандырылған стеллажда дақылды әр 2,5–3 ай сайын жоспарлы түрде қайта себу арқылы сақтау оңтайлы (оптималды) деп есептеледі. Сақтау температурасын 10 °C-тан төмен түсіруге (соның ішінде 4–8 °C-тағы тұрмыстық тоңазытқыштарда сақтауға) штаммның қырылып қалу қаупіне байланысты жол берілмейді.
Генетикалық ақпарат
GenBank accession №PZ747268
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


