Synechococcus sp. CZS 2204
Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Synechococcales › Synechococcaceae › Synechococcus

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Бөліп алынған орны: Алматы облысы, Шонжы кентінің ыстық бұлақтары.
- Тіршілік ортасы: Термалды су экожүйесі.
- Бөліп алғандар: Сандыбаева С.Қ., Заядан Б.К., Какимова А.Б., Болатхан К., Тоқтыбай А.К., Сейілбек С.Н. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2023.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Біржасушалы цианобактерия. Жасушалары дөңгелек немесе қосарланған, ұштары домаланған; жетілген жасушаларының ені 0,8–1,2 мкм, ұзындығы 2,4–3,1 мкм. Шар тәрізді жасушалар түзілетін полярлы бөліну байқалады. Дақыл көк-жасыл.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 28 °C
- Жарық қарқындылығы: 59 мкмоль фотон·м⁻²·с⁻¹
- Фотопериод: 12:12 сағ (жарық/қараңғы)
- Ортаның pH: 7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
аэробты фототроф
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
BG-11 сұйық ортасында 2–3 ай сайын қайта егу арқылы сақталады. Кептірілген биомасса 4 °C-та қараңғы әрі құрғақ жағдайда сақталады.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2023 жылғы 19 қазандағы № 09/12-451 сертификат. Тіркеу нөмірі: RKM 1062
Генетикалық ақпарат
Молекулалық сәйкестендіру 27F/1492R праймерлерімен 16S рРНҚ генін секвенирлеу арқылы жүргізілген. GenBank нөмірі: OQ627024.
Қолданылу аясы
Фотосинтез бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер; биомассаны хлорофилл a, фикобилипротеиндер және каротиноидтардың ықтимал көзі ретінде скринингтеу.
Библиография
- Sandybayeva, S.K.; Kossalbayev, B.D.; Zayadan, B.K.; Kopecký, J.; Kakimova, A.B.; Bolatkhan, K.; Allakhverdiev, S.I. Isolation, Identification and Pigment Analysis of Novel Cyanobacterial Strains from Thermal Springs. Plants 2024, 13, 2951. https://doi.org/10.3390/plants13212951
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
Жоқ.


