Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-049

Spirulina platensis ZBK-2

Cyanobacteria › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Microcoleaceae › Arthrospira

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Оқшаулау орны: Балқаш көлі.
  • Тіршілік ету ортасы: тұзды су экожүйесі.
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Токтыбай А.К. және т.б. (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында)
  • Коллекцияға түсу жылы: 2022.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: Аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Жасушалары жіптәрізді (талшықты) ұйымдасу типіне жатады. Трихомдары көпжасушалы, спираль тәрізді бұралған, тармақталмайды және жеке жіпшелер түрінде кездеседі. Жасушалары цилиндр пішінді, көкшіл-жасыл түсті. Трихомдарының ені әдетте 5–10 мкм, ал ұзындығы спиральдың бұралу дәрежесі мен өсіру жағдайларына байланысты бірнеше жүз микрометрге жетуі мүмкін. Жасуша өлшемдері бойынша штамм орташа өлшемді микроорганизмдер тобына (2–20 мкм) жатады. Колония түзбейді, вегетативті жасушалары трихом құрамында орналасады. Гетероцисталар мен акинеталар жоқ.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орта: Заррук минералдық ортасы (сұйық және агарланған)
  • температура: 28–30 °C
  • жарық қарқындылығы: 50 мкмоль фотон/м²/с
  • жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 8,5–9,5.

Физиологиялық ерекшеліктері

Алкалифил, галофил

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Заррук минералдық қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы 20–25 °C, жарықтануы 50 мкмоль фотон/м²/с; жарық/қараңғы режимі 12:12 сағат немесе 16:8 сағат. Дақыл әр 30–45 күн сайын жаңа ортаға қайта егіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

ҚР БҒМ «Республикалық микроорганизмдер коллекциясында» 2023 жылы берілген депозициялау туралы куәлік № 09/12-454. Коллекциялық нөмірі: RKM-1064.

Генетикалық ақпарат

GenBank халықаралық дерекқорындағы нуклеотидтік тізбектің инвентарлық нөміріне тікелей сілтеме: бар GenBank accession № PV883099

Қолданылу аясы

Штамм іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.

Библиография

Тоқтыбай А.К., Салауат Д., Болатхан К., Сандыбаева С.К., Ахметова Г.А., Құрметхан Ә.Қ., Санатов С.С., Hrouzek P., Заядан Б.К. Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлора құрамын зерттеу және фототрофты микроорганизмдердің аксеникалық дақылдарын бөліп алу // Eurasian Journal of Ecology. – 2026. – Т. 86, № 1. – Б. 80–97. – DOI: 10.26577/EJE86120267.

Патенттер және басқа зияткерлік меншік

Бар.

  • Заядан Б.К., Тоқтыбай А.К., Болатхан К., Инелова З.А., Сандыбаева С.К., Какимова А.Б., Салауат Д. Фикоцианин алу көзі ретінде пайдаланылатын Spirulina platensis ZBK-2 цианобактерия штаммы : Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті № 11800; жариял. 20.02.2026. – 2026.