Oscillatoria brevis SH-12
Cyanophyta › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Oscillatoriaceae › Oscillatoria

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Оқшаулау орны: Авангард ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы
- Тіршілік ету ортасы: күріш алқаптары мен су экожүйелері
- Бөліп алғандар: Садвакасова А.К., Заядан Б.К., Қосалбаев Б.Д., Бауенова М.О. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға түскен жылы: 2022
- Соңғы анықтама: Садвакасова А.К., Заядан Б.К., Қосалбаев Б.Д., Бауенова М.О., 2023 ж.
- Бөліп алу әдісі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Трихомалары жіпше тәрізді, шырышты қабықшамен қоршалған; белсенді қозғалыс байқалмайды, бірақ трихома ұштарының әлсіз тербелуі байқалады. Вегетативті жасушалары көк-жасыл түсті, ені 2,6–5,0 мкм; жасуша ұзындығы енінен 2–3 есе үлкен. Гетероцисталары жоқ. Акинеталары жоқ. Көбеюі жасушалардың бір жазықтықта бинарлы бөлінуі арқылы жүреді. Сұйық ортада көк-жасыл түсті, сәл шырышты суспензия және аморфты тұнба түзеді; шайқаған кезде тұнба оңай қайта суспензияланады. Агарланған Громов ортасында көк-жасыл түсті шар тәрізді трихома шоғырларын қалыптастырады. Дақыл маусымға тәуелсіз дамиды.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орталар: Громов, Аллен, BG-11 (сұйық және агарланған)
- Температура: 25–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 30–40 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: тәулік бойы жарықтандыру
- pH: 7,5–8,0
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофильді гомоцитті жіпше тәрізді цианобактерия. Гетероцисталар мен акинеталар түзбейді. Эксперименттік жағдайда азотфиксациялық белсенділік анықталмаған, бұл осы морфотипте гетероцисталардың болмауына сәйкес келеді.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
агарланған BG-11 ортасында 12–14 °C температурада және әлсіз жарықтандыру жағдайында 4–6 мкмоль фотон/м²/с сақталады. Қайта егусіз сақтаудың ең ұзақ мерзімі – 2–3 ай.
Генетикалық ақпарат
16S rRNA генінің фрагменті амплификацияланған. Морфологиялық және филогенетикалық талдау нәтижелері бойынша штамм Oscillatoria brevis SH-12 ретінде идентификацияланған. GenBank нөмірі: MZ090011.
Қолданылу аясы
Штамм эксперименттік зерттеулерде қолданылады. Биоөңдеу, биоремедиация және альгоцианобактериялық биоқабықшалар қалыптастыру үшін перспективалы. Сонымен қатар гетероциста түзбейтін жіпше тәрізді цианобактериялар ішінде фототрофты модельдік дақыл ретінде қолданылуы мүмкін.
Библиография
- Sadvakasova A.K. et al. Influence of Mo and Fe on Photosynthetic and Nitrogenase Activities of Nitrogen-Fixing Cyanobacteria under Nitrogen Starvation. Cells. 2022; 11(5):904. DOI: 10.3390/cells11050904.
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
жоқ.


