Tetradesmus obliquus
Chlorophyta › Chlorophyceae › Sphaeropleales › Scenedesmaceae › Tetradesmus

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөліп алынған орны: Ақтау қ., Мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, М-4 нүктесі (өндірістік қондырғылардан шығар берісте).
- Тіршілік ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Даулетова А.А. и Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2024
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Факультативті-ценобиалды (колониялық) немесе біржасушалы эукариотты ағза (жасыл микробалдыр). Культивирлеу жағдайларына байланысты жекелеген жасушалар түрінде тіршілік етеді немесе бір немесе екі қатарда орналасқан және бүйір қабырғаларымен біріккен 2, 4 немесе 8 (сирек 16) жасушадан тұратын жалпақ ценобийлер түзеді. Жасушалары ұршық тәрізді (фузиформды) немесе ұзартылған эллипс пішінді, ұштары сүйірленген болып келеді. Талшықтары жоқ (вегетативті жасушалары қозғалмайды). Жасуша қабырғасының беті тегіс; тікенектері, ұзын инелері, тісшелері және айқын сілемейлі қынабы мүлдем болмайды. Жеке жасушалардың өлшемі: ұзындығы 6–15 мкм, ені 2–6 мкм. Планктонның өлшемдік жіктеліміне сәйкес, штамм нанопланктонға (2-ден 20 мкм-ге дейінгі диапазондағы орташа өлшемді микроағзалар тобына) жатады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 22–26 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 60–150 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
- pH-ы: 6,8–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Галотолерантты.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 ортасында субдақыл түрінде сақталады. Сақтау температурасы +4…+8 °C (тоңазытқышта сақтау үшін) немесе +12…+15 °C, жарық қарқындылығы минималды (5–10 мкмоль фотондар/м²/с), жарық режимі: 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық немесе қараңғыда. Коллекциялық дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Генетикалық ақпарат
GenBank accession № PZ715244
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


