Desmodesmus communis
Chlorophyta › Chlorophyceae › Sphaeropleales › Scenedesmaceae › Desmodesmus

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөліп алынған орны: Ақтау қ., Мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, M-4 нүктесі (өндірістік қондырғылардан шығар берісте).
- Тіршілік ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.Қ., Даулетова А.А., Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2024 ж.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды тығыз минералды қоректік ортаға микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Облигатты-колониялық біржасушалы эукариотты ағза (жасыл микробалдыр). Бір немесе екі қатарда орналасқан және бүйір қабырғаларымен тығыз біріккен 2, 4 немесе 8 (сирек 16) жасушадан тұратын жалпақ ценобийлер (колониялар) түзеді. Жасушалары эллипс, сопақ немесе ұзартылған цилиндр тәрізді, ұштары жұмырланған. Талшықтары жоқ. Ценобийдің шеткі жасушаларының ұштарында ұзын, сәл иілген тікенектері (инелері) болады. Жеке жасушалардың өлшемі: ұзындығы 8–20 мкм, ені 4–8 мкм. Жіктелімге сәйкес штамм орташа өлшемді (2–20 мкм) микроағзалар тобына жатады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 22–26 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 60–100 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
- pH-ы: 6,8–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Галотолерантты.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 ортасында субдақыл түрінде сақталады. Сақтау температурасы +4…+8 °C (тоңазытқышта сақтау үшін) немесе +12…+15 °C, жарық қарқындылығы минималды (5–10 мкмоль фотондар/м²/с), жарық режимі: 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық немесе қараңғыда. Коллекциялық дақылды қайта себу әр 3–4 ай сайын жүргізіледі.
Генетикалық ақпарат
GenBank accession №PZ705281
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


