Dunaliella salina B-10
Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Dunaliellaceae › Dunaliella

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Оқшаулау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Алакөл көлі
- Тіршілік ету ортасы: Алакөл көлінің ащы сулары
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К. және т.б.
- Коллекцияға түскен жылы: 2021
- Бөліп алу тәсілі: Табиғи үлгіден алынған жинақтама дақылдан тығыз қоректік ортаға тізбекті микробиологиялық себу әдісі арқылы оқшауланған.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: Аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Штамм жасушаларының пішіні әртүрлі — сопақша, эллипс тәрізді, жұмыртқа тәрізді, алмұрт тәрізді, кейде шар тәрізді, цилиндрлік немесе ұршық тәрізді; радиалды немесе билатералды симметриялы, сирек дорсовентралды немесе сәл асимметриялы болып келеді, алдыңғы дөңес ұшында екі тең тегіс талшығы (жгутигі) бар, орташа өлшемдері - 16 × 22 мкм. Хлоропластың түсі көбінесе жасыл, кейде сары, қоңырдан қызылға дейін өзгереді.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 25–28 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,5.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, фотоавтотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы: 12–15 °C; жарық қарқындылығы: 5–10 мкмоль фотон/м²/с; жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы). Дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
микроорганизмді депонирлеу туралы куәлік № 09/12-398, 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: RKM 0962
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


